Әр азамат өз Отаны туралы көбірек білуі тиіс. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан мемлекеті Орта Азияда орналасқан. Табиғаты әсем. Жерімізде көптеген аң-құс мекендейді. Минералды суға бай.Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемге танымал болды. Біздің Елбасын барлық халық сыйлайды. Елордасы – Астана қаласы. Астана күннен күнге көркейіп келеді. Қаланың бас символы – «Бәйтерек» монументі. 1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағына ие болды. Қазақ елі жыл сайын 6 шілде күні Астана күні мерекесін атап өтеді.Биыл Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесі өтті. Елімізге шетелден көптеген қонақтар келді. Бұл көрменің біздің елімізде өтуі біздің үлкен жетістігіміз деп білемін. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр, өйткені қазақ халқы өте қонақжай және достықты ерекше бағалайды. Біздің мемлекетте он төрт облыс бар. Әр облыстың елімізге сіңіріп отырған еңбегі зор.Мен Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында тұрамын. Өскемен қаласы 1720 жылы құрылды. Шығыс Қазақстан өте бай облыс. Өскемен қаласында екі ірі зауыт орналасқан бұл: «Казцинк» және «Үлбі металлург»зауыты. Облысымызда химиялық элементер және табиғи материялдардың барлық түрі бар. Табиғаты өте әдемі. Мен өз қаламды жақсы көремін. Әр адамға өзінің туған жері қымбат. Мен Отанымды сүйемін және мақтан етемін! Қазақстан жасай бер!
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады