Алтын жүрек абыройлы анашым
Мәпелеген адам бол деп баласын
О анашым қасиетті алтыным
Махабаттың қайнар бұлақ биік шын.
Жүрегімде тұрсын ана нұр шашып
Қиналмастан өттің талай белді асып
Мен тілеймін алтын жүрек анама
Аман жүрші жанымызда сырласып.
Босқа қарап ал балалар тұрмайық
Анамызды мақтанышпен жырлайық
Ақылына қарсы шықпай иланып
Аналарды өмір бойы сыйлайқ.