Менің Қазақстаным
Менің Отаным – Қазақстан. Бұл мемлекет –бәріміздің Отанымыз. Қазақстанда көп адамдар тұрады. Біздің Қазақстан кеңбайтақ. Облыстары көп. Мен соның ішінде Павлодар облысында тұрамын. Алғашқыкүні сабаққа келгенде мұғалім бізге барлық облыстың байлығы туралы айтты.Қызылорда күрішімен мақтанады, Атырау мұнайымен мақтанады, Ақтау теңізіменмақтанады. Ал бізде үлкен Ертіс бар, орман бар, тоғайда тәтті бүлдірген бар.Баянауылда тау бар, көл бар, ағаштарда тиіндер секіріп жүреді. Тауда жаңғақтартолып жатыр. Кемпірдің басына ұқсайтын тау бар. Тауда арқар жүреді деп әкемайтқан, бірақ мен оны көрген жоқпын. Жазда Артем екеуміз ата-анамызбен барыпсуға шомылдық, тауға кішкене көтерілдік. Күнге арқамызды қыздырып, қайтадансуға түсіп рақатқа баттық. Лебяжінің қарбызын жедік, әжемнің бауырсағын жеп,қымызын іштік. Таза ауада тамақ жеген тамаша екен. Мен туған жерімнің тамашатабиғатымен мақтанатын шығармын. Баянауылдың бұлағының суын ішкенде жаныңжадырайды, үйге де бұлақтың суынан алып келдік. Өте дәмді су. Екеуміз өскендеатқа мінеміз, шабамыз деп армандадық. Кең далада атпен шапсаң одан артық бақытжоқ. Елімнің сұлу табиғаты әр баласына қуаныш сыйлайды. Табиғаты аса көркем,осы менің туған өлкем!