Мен қазақпын. Қазақстан өлкесінде тұрамын. Мен сол үшін мақтанамын! Осынау ұлан-ғайыр Қазақстан республикасында туып- өскеніме сондай қуаныштымын! Менің қазақ атты даламның кеңдігінде шек жоқ, шексіз. Қазақ халқы да дәл солай , олардың мейірімділігі шексіз, сондай ақкөңіл халық.
Менің Қазақстанымның беделі әрқашан жоғары болуы тиіс,ол үшін біз де соған үлес қосуымыз керек емес пе?! Мен өз Отанымды құрметтеймін, сыйлаймын. Мен қазақ өмірін, қазақ халқын сүйемін. Егер мен қазақ болсам, неге қазақтықтан сақтанамын?
Мен қазақ өлкесін әрі қарай дамытуды қалаймын. Қазақ жері тоғызыншы орында тұр, алайда, мен бұдан қорықпаймын. Себебі, оны бірінші орынға жеткіземіз деген үміттемін. Менің елім сондай керемет! Бұл өлке қазыналы өлке, өйткені, менің елімде байлық та, астық та, сұлулық та жетіп артылады. Менің жеріме қызығып та, қызғанып та қарайтындар өте көп.Менің республикам - ұлан-байтақ, көркем ел. Біздің Қазақстанымызда қаншама ғұлама ғалымдар, ақындар өмір сүрген. Мәселен, Абай, Ыбырай, Ілияс, Шәкәрім сынды даналар көп қой. Мен қазақ баласымын, осы өлкеде туып-өстім. Сол үшін бұл өлкеге деген парызымды анамның алдындағы қарызымдай ешқашан өтей алмайтыным анық.
Менің өлкем Қазақстан,
Қандай сұлу ғажапстан!
Мақтанамын сонымен,
Айналайын, Қазақстан!