Менің отбасым - ең керемет жылы ұя. Анам, әкем бар және 3 сіңлім бар. Даяна, Азалия, Томирис және мен Ясмин – бір үйдің 4 қызымыз. Ең қуаныштысы, анам тағы да ана болуға дайындалып жүр. Біздің пәтеріміз алты қабатты үйдің 6-қабатында орналасқан. Мен терезеге қарағанда қалған үйлер, дүкендер кішкентай болып көрінеді. Мен де, анам да биіктікті жақсы көреміз. Анам – керемет әнші. Даусы ерекше. Мен де ән айтамын. Анамның оқушыларды вокалға үйрететін үйірмесі бар.
Мен де балабақша қабырғасынан ән айтып жүрмін. Мектепке барған соң анам менен бірінші кезекте сабақты талап етеді. Сабағымды оқимын, содан соң ғана ән айтуға рұқсат береді.
Осыдан бір жыл бұрын «Бала даусы» атты конкурсқа қатыстым. КТК арнасынан теледидардан көрсетті. Онда әншілер Жанар Дұғалова мен Толқын Забирова әділқазы болды. Мені олар кастингке шақырды. Мен енді актерлік шеберлігімді көрсету керекпін. Болашақта өнер жолына түсемін деп ойлаймын. Бұл арманыма жетуіме ата-анам көмектеседі.
Мен үйдің үлкенімін, сондықтан анама үнемі көмектесемін. 5 жасымнан бастап анам мені жақын жердегі дүкендерге жұмсайтын еді. Алатын нәрселерді анам қағазға жазып береді. Мен оқи алмаған кезімде қағаздағы жазуды сатушы апайға көрсетемін. Сөйтіп керекті заттарды, қайтарған ақшаны алып үйге келемін. Кішкентай сіңлілерімді ойнатамын. Анама көмектескеніме шексіз мақтанамын. Анам бірімізді мектепке, бірімізді бақшаға апарып, тынымсыз еңбек етеді. Әкем болса Ресей мемлекетіне барып айлап жұмыс жасайды. Әкемнің әкелген қаражатын анам депозиттер ашып, біздің болашағымыз үшін жинайды.
Анамның да, менің де бос уақытым жоқ. Үйдің таза болуы, киімдердің таза болуын анам екеуміз басты назарда ұстаймыз. Сабағыма дайындаламын. Анам жүйелі бол деп атайды. Тамшы тасты да теседі дейді, өнер мен сабаққа үздіксіз дайындалсам, биіктерге шығамын. Мен болашағыма сенемін. Армандар орындалады!