Қазақстан – туған елім,
Ырыс пен құт мекені.
Көкке өрлеп даңқың сенің
Ғасырларға жетеді
С. Ғалымұлы
Мен егеменді Қазақстанда тудым. Басқа елде емес Қазақстанда туғаныма өте қуаныштымын. Оның себептері де көп. Соның бірі – еліміздің табиғаты. Табиғаты өте сұлу, көркем, тамаша. Әдемілігін сипаттап жазсаң сөз жетпейді. Биік – биік шыңдары аспан мен таласқан асқар таулары, мөп – мөлдір көлдері, жайқалған ормандары, неше түрлі өсімдіктері Қазақстан жерін өте көрікті етеді.
Қазақстанның байтақ жерінде неше түрлі жануарлар мен сан алуан өсімдіктер өседі. Жылдың қай мезгілінде болсын елімнің табиғаты қатты ұнайды. Қыста бораны мен аязы, жаздыгүні ыстығы.
Біздің еліміз кең байтақ, қазақтар мен басқа да ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Олар бір-бірімен дос, көңілдері шаттыққа толы және бейбітшілікті қолдайды.
Мен өз елімнің әдет –ғұрпын, салт-дәстүрін, ұлттық ойынын, тағамдарын, мерекелерін құрметтеймін. Оларды әрқашан бағалап, қастерлеп жүремін. Себебі мен қазақпын, елімнің ұланымын. Биыл Елордамыз – Астанаға 20 жыл толғалы отыр. Шын жүректен еліме тұғыры биік болсын деп тілек тілеймін.
Елімізде тек қана бейбітшілік болсын. Ондағы балалар бақытты өмір сүрсе екен деймін.