Әр адамның өз отаны бар . Менің де отаным бар. Ол Қазақстан. Қазақстан өте бай ел; қазба байлықтары,салт-дәстүрге өте бай. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тұрады. Барлық ұлттар достықта,бірлікте ,ынтымақта өмір сүріп жатыр. Біріншіден, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев іскерлігінің арқасында,екіншіден, қазақ халқынын қонақжайлылық, өзге ұлтты сыйлай білу қасиеттерінің арқасында деп ойлаймын.
Мен қазақ болып туылғаныма мақтанамын. Себебі, қазақтар, ержүрек, батыл, қонақжай, ақылды, салт-дәстүрге бар халықпыз. Біздің салт-дәстүріміз кейбір халықтардың салт-дәстүріне қарағанда қуанышқа, мейірімділікке толы. Мысалы,шілдехана, бесік той, тілашар тағы да басқа . Бұл дәстүрлер қуанышқа, шаттыққа толы дәстүрлер. Сондықтан мен дәстүрімізді сыйлаймын, құрметтеймін . Әр адам Қазақстанда тұрғанына мақтануы керек. Еліміз жер көлемі бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орында тұр. Бізге осындай үлкен жерді батыр ата-бабаларымыз қалдырған. Біз тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Өзіміздің елтаңбамыз, туымыз, әнұранымыз бар. Спортшыларымыз жеңістерге жеткенде көк туымыз желбіреп әнұранымыз айтылғанда мақтанышым арта түседі. Мен де балалық шағымда еліме адал қызмет етіп Қазақстанның даңқын әлемге әйгілі ететіндей азамат болып өскім келеді. "Отан үшін отқа түс, күймейсің" деген мақал маған ұнайды , өте дұрыс айтылған. Менің асқар тауы бар, өзен-көлдері бар, бірліктегі халқы бар Қазақстаным жасай бер!