Менің сүйікті ұстазымның есімі – Бибігүл Кенжеғалиқызы Нигметова. Ол өте ақылды, мейірімді жан. Ол біз мектепке алғаш қадам басқан күннен бастап, тәрбиелеуде. Апайымыз бізге жазуды, оқуды үйретті. Мен апайымның айтқандарын үғып аламын. Осындай ұстазымның барына қатты қуанамын.
Апаймыз біз үшін білімін аямай беріп жатыр. Мен соны түсінемін және ешқашанда ұмытпай біліп жүремін. Апайымыз берген білімдерімізбен, біз өз мақсатымызға жете аламыз.
Сол үшін мен өз ұстазыма рахмет айтамын.