Мен-қазақ, Қазақстан туған жерім,
Нұрсұлтан – елбасы біздің
Жасасын туған еліміз,
Қазақстан біздің жеріміз!
Әр адамның өз туған жері, кіндік қаны тамған жері болады. Алыс кетсең, көзге оттай басылады, сағынышың сарұылады. Бұрынғы өткен ата -бабаларымыз айтқандайнындай, атамакен сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни аталарымыз мекендеген жер. Демек, менің тіған жерім, атамекенім – ол Қазақстан. Мен қазақ жерінде шыр етіп, дүние есігін аштым, әні мен жырын тыңдап, оны бойыма енгіздім, тарихымен танысып, ғұламалардың нақыл сөздерінен тәлім алып келемін. Сондықтан, мен үшін Қазақстан – бүкіл әлемдегі ең тамаша ел.
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет. Оның егемендігін дәлелдейтін тілі, рәміздері, ата заңы мен шегеленіп белгіленген шекарасы бар. Сонымен қатар жер асты мен үсті байлықтарында есеп жоқ, менделеев зерттеген химиялық элементтердің барлығы дерлік біздің жерде кездеседі. Әсіресе, әр үйге жылу сыйлап, шаттандыратын қараңғы түнді жарық етуге септігі тиетін алтын кенінде туғанымды үлкен мақтанышпен айта аламын.
Сонымен қатар, бар әлемді өзінің заманауи архетектуралық құрылысымен таңғалдырған жаңа қала – Астана халық ертегілеріндей батырлар сияқты күн сайын өте жылдам қорқынмен өсіп келеді.Бүгінгі таңда Қазақстан дамыған елдердің қатарында. Ол үшін көптеген жұмыстар атқарылды. Еліміздің бүкіл аймақтарында жаңа мектептер мен ауруханалар заманауи үлгіде салынып жатыр. Сандық техника жүйесі халық игілігіне жарап жатыр.
Осы күнді қалай аңсап, армандап өткендігін ақын – жазушылардың туындыларынан білеміз.