Ересек « Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні: 12.02.19
Тәрбиеші: М.К. Валеева
Білім беру саласы:Коммуникация
Өтпелі тақырып:Бізді қоршаған әлем
Кіші саласы:Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Мақсаты:Жаңа әріппен және дыбыспен таныстыру.Сөздерді дұрыс айтуын
буындар құра білуін үйрету.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды
бекіту.Өзін-өзі бақылауға және бейімпаздыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Оқыту: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан
басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері, АКТ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
- Балалар бәріміз ортаға шеңбер құрайық. Бәріміз бір - біріміздің қолымыздан
ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құрдасқа,
Сәлем дейміз ұстазға,
Сәлем дейміз қонаққа.
Айымыз ашық болсын,
Туымыз биік болсын.
Халқымыз тату болсын,
Балалар аман болсын!
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді
қайталап жіберейік. Балалар біз өткен оқу іс - әрекетінде қандай дыбыспен
таныстық?
Балалар: Б дыбысы мен әрпі.
Тәрбиеші: Б дыбысы дауысты ма дауыссыз дыбыспа?
Балалар: Дауыссыз дыбыс.
Тәрбиеші: Қандай текшемен белгілейміз?
Балалар: Көк.
- Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла!» ойынын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай
балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің атаған дыбысына тез сөз ойлап, допты
кері лақтыру керек. (Б - барабан, балта, бала т. б)
Тосын сәт. Есік қағылады. Хат тасушы келеді.
«С» дыбысы және әрпі
Полная версия материала