Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша
қарапайым нұсқауларды орындау
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және
сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/
тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша
тілде қолдану
Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға
жауап береді, жалғауларды дұрыс байланыстырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет
жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша
және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды
қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын
толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.