Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге,
қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата–бабаларымыздың өсиетін
қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін
білуге, әдет–ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып
отырсыздар. Мақал–мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата–бабамыздан қалған өшпес мұра.
Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға
айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
Бүгінгі 5 сынып оқушыларының аралығында өткізілгелі отырған «Мың бір мақал, жүз
бір жұмбақ» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа
қатысатын мақалшыларды шақырайық.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Полная версия материала