І. Сабақтың тақырыбы : Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химиялық реакциялар, жылу эффектісі.
Сабақтың түрі және типі Жаңа білім беру сабағы
1.Мақсаты: Химиялық реакциялардың жіктелуін сипаттай білу. Заттар қасиетін сипаттайтын химиялық
реакциялардың типін анықтай алуға үйрету. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер жүргізуге
үйрету. Тақырып бойынша терминдерді үштілде беру.
2. Міндеттері
а) Білімділік Химиялық реакциялардың жіктелуін, электролиттік диссоциация теңдеуін, иондық теңдеулерді
жаза білуге үйрету.
ә) тәрбиелік өз бетінше шешім қабылдап білімін бағалауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, эксперименттік нәтижелерді өңдеу және
сараптауға үйрету, үштілдік оқыту жүйесін дамыту
ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) оқушылар түсінуі тиіс жіктелуі бойынша химиялық реакциялардың типін анықтай
ә) оқушылар құндылы бағдары болуы толық және қысқартылған иондық теңдеулерді құру туралы
б) оқушылар жасай біледі виртуалды тәжірибе жүргізу, химиялық реакциялардың жүру белгісін анықтау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және тексеру.
ІІ. Білімді актуализациялау:
1. Химиялық реакциялардың жүру белгілерін сипаттау. Мысалмен дәлелдеу
2. Тотығу дәреже дегеніміз не? ПЖ бойынша қалай анықтауға болады?