Жаным, біздің Атамыз Жүсіп Баласағұн: «Кісінің көркі – жүз // Жүздің
көркі – көз // Ойдың көркі – тіл // Тілдің көркі – сөз»,-дейді [1].
Жаным, мынаны бірлесіп, пікірлесіп түйсінейікші:«көз-көңілдің айнасы»
екендігін түсініп қабылдайтынымыз да, айтыла салған жаттанды сөз ретінде
бағалайтынымыз да-рас. «Сөз-ойдың көркі» десек, ойланыңқырап
қалатынымыз рас. Себебі, «көрік» дегенде, көз алдымызға әлдекімді
тамсандыратын, әлдекімге таңдай қақтыратын, әлдекімнің жүрегін
мысықтілеулі пиғыл боп тырналайтын, әлдекімді мойындататын «ажар»
деген әсемдік көрінісі келеді. Бұл-нақтылық. Ал, «ойдың көрікті» екендігін
білу үшін немесе сезіну үшін «дерексіз» деп өзіміз анықтама арқылы шек
қойып тастаған, парасат-паймыңмен, ақылыңмен ғана түйсінетін, Адам
екендігіңді айқындайтын категория тұр. Ол-ой категориясы. Ол ойыңның
қандай дәрежеде екендігін біз қарастырып отырған «Сөз» патшалығы
анықтайды, жаным. «Жаным» дегенге таңданба, жаным. Ойды біз осы
жанымызбен-Алла тағаланың ерекше сыйымен-сезінетініміз ақиқат.
Сондықтан «жаным» дегенде ойыммен орайлас, ақылыммен араздас,
жаныммен жақындас, дегенім ғой.
"Сөз - ойдың көркі" Эссе
Полная версия материала