Білімділік: Карталар, олардың түрлену, әрбір картаның өзіне тән белгілері туралы түсінік қалыптастыру. Масштабына қарай карталар қалай жіктеледі, осыны қарастыру, олардың жасалу жолдары, маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық: Карталарды талдауды, карталарды түсіндіру, оқуды, жұмыс істеуді дамыту, өткен сабақтарда алған білімдерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты артыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, глобус.
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Жаңа материалды меңгерту кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Үйге тапсырмасын беру кезеңі