Білімділік мақсаты – Оқушылардың «мұздықтар», «қар жиегі», «тау мұздықтары», «жабынды мұздақтар» ұғымдарын қалыптастыру. Әр түрлі оқыту құралдарын пайдалана отырып мұздықтардың маңызын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан мұздықтары бар тауларды көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті