Білімділік мақсаты – Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін түсіндіру. Қоршаған ортаға бейімдеушілік қасиеттеріне тоқталу. Ағзалар мен жер қабықтары арасындағы байланысты ашу. Биосфера туралы түсінікті дамыту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарылату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, жер қабықтарының арасындағы байланысты сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушыларды ынтымақтастыққа, дербестікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Өз ойлары мен пікірлерін еркін жеткізе алуға, тапқырлыққа, ізденушілікке үйрету. Экологиялық тәрбие.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ