Білімділік мақсаты – Географиялық қабық пен оның бөліктері арасындағы байланысты анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көлдерді көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту, экологиялық білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты – табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. Экологиялық білім, тәрбие беру.
Оқу құралдары: Оқулық, 6 сынып Атлас, дүние жүзінің жарты шарлар физикалық картасы, өсімдіктер, зоогеографиялық карталар, суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ