Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектер сыр шертеді».
Білім саласы: «Таным», «Шығармашылық»,
Оқу іс - әрекеті: «жаратылыстану» , «аппликация»
Мақсаты: Балаларды ою - өрнек түрлерімен таныстыру.
Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту. Ою - өрнек жапсыру арқылы қолды жаттықтырып, балалардың шеберлігін ұштау.
Көрнекілігі: Ою түрлері, суреттер, қамзол
Шаттық шеңбер:
Аспанымыз ашық болсын,
Анамыз аман болсын
Деніміз сау болсын
Балабақшамыз көркее берсін.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз.Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Қонаққа қуыршақ Сәуле келеді .
Балалар алдымызда әжемніңтуған күні. Менің әжем менің достарымды да туған күніне шақырды,олар өздерінің ұлттық киімдерін киді. Ал менде қомзолым дайын, бірақ ою өрнегін салуға үлгермедім көмектесіп жіберіңдерші.
Сергіту сәтті:
Кел, балалар тұрайық
Құсша қанат қағайық,
Күнге қолды созайық
Бір тынығып, алайық
Сауле сіз енді бізге қамзолыңызды шешіңіз, балаларымыз сізге бүгін құстың қанатын жапстырып береді. Енді осы құстың қанатын қамзолға жапстырайық.
Саусақ ойыны:
«Қуырмаш»
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сосын балалар Сәуленің қамзолына құстың қанатын жапстырады.
Сәуле балаларға ризашылығын білдіреді. Әкелген сыйлығын балаларға таратып береді. Балалар рахмет деп, Сауле қоштасады