Күні:
Мектеп: «№3 Күршім гимназиясы» КММ
Сабақтың тақырыбы: Мен – адаммын! (7 сабақ)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жақсылық, қайырымдылық жасаудың мағынасын түсіндіре отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушыларды өзіне және өзгелерге қайырымды іс жасауғааа, өзін кемелдендіруге баулу арқылы қамқорлық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушыларды жақсы адам болуға, қайырымдылыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
Дәйексөз «Адам деген ардақты ат» |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
Әңгімелеу «Аяз би» Талдау сұрақтары: · Билік пен байлық адамды өзгертпес үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? · Адам өзін-өзі қалайша тәрбиелегені дұрыс деп санайсыңдар? · Адам үшін өмірдегі басты нәрсе не деп есептейсіңдер? · Өзіңді өзің басқара аласың ба? Қалайша? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: «Өзімді танумен өсіп келемін» тақырыбында шығарма жазу 2-тапсырма: дәптердегі қамқорлықты көрсететін суреттерді бояп, мазмұнын айтып беру |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
Топпен ән айту «Адам бол, адам!» |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Василий Сухомлинский «Қарапайым адам» |
Күнделіктеріне жазады. |
Кері байланыс Соңғы тыныштық сәті |