Балалар-біздің жарқын болашағымыз! Ал, әр бала ол-болашақ жұлдыз!
Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де, болашақта еліміздің мақтанышы боларына сенеміз. «Балапан» бөбекжай-бақшасы, «Қарлығаш» тобынан 9 бүлдіршін балабақшадағы қызықты күндерімен қимастықпен қоштасып, мектеп өміріне бір қадам жақын түсті. Қарлығаш тобының тәрбиешілері Сагинаева Ғалия және Утегенова Ақжұлдыз балаларға төрт жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, әр баламен жеке жұмыс жасады. Қоштасу кеші тәрбиешілердің орындауларында керемет әнмен және ата-аналарға балалардың балабақша өмірінен қысқыша презентация көрсетіліп, балабақша меңгерушісі Стамкулова Гүлімжан Сәтқызы балабақша түлектерің құттықтап өтті.
Қош балғын, балалақ шақ!
Полная версия материала