Тақырыбы : Абай Құнанбаев.Қыс.
Мақсаты : 1.Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту.”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті,слайд,қыс мезгілі слайд,
Сабақ түрі:кіріктірілген сабақ,жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,то.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен тарауларға шолу жасау Сұрақтар арқылы білімдерін тексеру
3 Тақырыпты, мақсатын хабарлау.
-Бүгін біз,А.Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңімен танысып қыс туралы ұғымымызды кеңейтейік.
4.Эссе: Абай туралы не білемін?
Әр оқушы отырып, Абай атамыздың атын естігенде ойларына не келгенін жазады.
Абай туралы слайд. Қарқаралыдағы Абай тоқтаған үйге түсінік беру.