«Сауда жасай білесің бе?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
8 сыныпКүні: ____________
Аты-жөні: ________________________________________
Оқу мақсаты 8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда
тиімді қолдану
Бағалау критерийіБілім алушы
• Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады
• Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді
• Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын
ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді
Ойлау дағдыларыныңҚолдану деңгейі
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма: мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып, сауда жасап жатқанында мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісін пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек! - дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз? - дейді.
- Дұрыс, - депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...
1. Мәтіннің сюжетін сөз тіркестерімен беріңіз.
Басталуы:
Дамуы:
Шешімі:
2. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз.
Бағалау критерийі |
№ тапсырма |
Дескриптор |
Балл |
Алған балл |
Білімалушы |
||||
Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады. Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді |
1 |
мәтіннің сюжетін сөз тіркесімен жазады; |
1 1 1 |
|
Кейіпкерді анықтап, адамгершілік қасиетіне баға береді; |
1 1 |
|||
Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді |
2 |
Мәтіннен дәлелдер келтіреді; |
1 |
|
Өз ойын саудамен байланыстырып жазады. |
1 |
|||
Барлығы: |
7 |