Қазыбек пен Қалкен киноға бара жатты. Екеуі де көңілді.
Қазыбек Қалкенге бұрылып:
-Қалкен, есептен «екі» алғаныңды мамаң біле ме?- деп сұрады.
-Жоқ. Ақырын,- деді Қалкен жан- жағына қарап алып, сыбырлап,- мамам оны білсе, мені киноға жібере ме?
-Мамаң сенің сондай қатал кісі сияқты емес қой.
-Баласы екілік баға алса, қандай мама ренжімейді?
-Қалкен, мен саған есептен көмектесейін. Алдымен бүгінгі екілікті жоятын болайық.
-Менің қарсылығым жоқ,- деп Қалкен қуанып кетті.
-Досына қиындық үстіне қол ұшын бермеген адам жолдас бола ала ма? Кешке міндетті түрде сенің үйіңе барамын. Сенің алған екілігің маған да қойылған баға деп есепте.
-Сен өміріңде екілік алып көрген жоқсың ғой,- деп таңдана қарады Қалкен досына.