Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне- өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алшатын орны ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды,
іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып,білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді.Жас ұрпақты жан -жақты жетілген, ақыл –парасатты, ой -өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.