Мақсаты: Оқушылардың тарихи білімдерін саралап тарих пәніне деген қызығушылығын одан әрі жетілдіре отырып дамыту.
- Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.
- Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу
Жүргізуші сөзі: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Жас тарихшы-2019» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Алдарыңызда өз білімімен ақыл ойымен тапқырлығымен ерекшеленген 6 «А» 6 «Б» сынып оқушылары.
Сайыс кезендері:
- 1 – кезең: Әр оқушы өзінтаныстырады
- 2 - кезең: «Бәйге» /әр қатысушыға 5 сүрақтан қойылады/
- 3 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»
- 4 - кезең: «Маңызды 8 сұрақ»
- 5-кезең: «Сен білесің бе?»
- 6-кезең: «Символсыз мемлекет жоқ».
- 7 - кезең: «Ер есімі ел есінде».
- 8 - кезең: «Жорға»
Бір ескере кететіндігі әр бір екі кезеңнен кейін ұпайлары төмен екі оқушымен қоштасып отырамыз.
Сонымен, «Білім- білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» – деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып ойнымызды бастайық.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.