Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген.
1.Әдебиетті оқытудағы әдістердің алатын орны мен қызметін түсіндіру.
2.Әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс түрлеріне шолу жасау.
3.Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдарын қарастыру.