Тәрбиеші – ол, баланың өмір жолында кездестіретін екінші анасы. Оның жан дүниесі әрдайым бала болып кала береді. Олай болмаған жағдайда, балалар оны өз әлеміне өткізбейді. Біздің мамандығымыздың басты талабы – балаларды кез-келген жағдайда да жандүниеңмен жақсы көру. Мен үшін, тәрбиеші болу – әр қашан, қиял-ғажайыпқа толы балалар әлемінде болуға үлкен мүмкіндік. Әсіресе тәрбиеші мамандығының мәнін, әр сөзің мен іс- қимыл әрекеттеріңді, жәудіреген мөлдір көздерімен қарай отырып өздерін ересектер әлеміне паш еткізуі кезінде, ерекше байқалады. Осындай балапандардың мөлдір көздеріне қарап, сен олар үшін ерекше бір әлем екеніңді және олардың келешектегі қалыптасар мінез-құлқының негізін сен қалайтыныңды түсіне отырып оларға бар сүйіспеншілігің мен жан жылуыңды бересің.
Мен жаңашыл-педагог
Полная версия материала