Мектепке дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тәсілдері мен негізгі бағыттары
Бала негізгі тәрбиені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата — ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды.Отбасы—өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.