«Кім жылдам?» ойын түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты:
1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
2.Ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 8 «а», 8 «ә» және
8 «б» сынып оқушылары 3 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын айтады.