Мектепте оқытылатын барлық пәндердің маңызы зор, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекше. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде
қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын ұмытпағанымыз жөн . Тілдің құдіреті оның міндетті қызметінде «Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып тамыр шымырлататын, жан-дүниеңді
жандандырып, құлақ құрышын қандыратын өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл » деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай, ана тіліміздің қолданылу аясының тым тар шеңберде қалып қоймауы үшін, өзге тілдерге сорлы болмауы үшін бәріміз де тіл мәселесіне бей – жай қарамауымыз керек. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп дамыта оқу керектігі туындап отыр. Оқушының тілін дамыту – қазіргі кезде оқу – тәрбие ісіндегі басты мәселе.
Қазақ тілі сабағында байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту
Полная версия материала