Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2011-2020
жылдарға арнап қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылған мақсат - әлемдік стандарт
деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- бұл еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашуы. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.
Кәсіби білім беру сапасын көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Полная версия материала