Әрбір 1-10 тапсырмасына 4 нұсқалық жауап беріледі, олардың ішінде тек 1 нұсқасы ғана дұрыс. Дұрыс жауаптың нөмірін кестеге жазу қажет.
1. Егер су ағысымен жүк кеменің жылдамдығы тәулігіне 600 км, ал су ағысына қарсы тәулігіне 336 км. болса, өзендегі су ағысының жылдамдығы қандай болғаны.
1) 42 км/сағ
2) 8 км/сағ
3) 55 км/сағ
4) 5,5 км/сағ
2. Екі автокөлік шоссе бойымен қозғалады: біріншінің жылдамдығы υ, ал екіншісінің жылдамдығы (-3 υ) - ге тең. Екінші автокөліктің жылдамдығының модулі біріншіге қарағанда
1) 4 υ - ге тең
2) 3 υ – ге тең
3) 2 υ – ге тең
4) υ – ге тең
3. Бір тәуліктің ішінде бамбук 86,4 см-ге өседі. Ал бір секундтың ішінде ол қаншаға өседі?
1) 0,01 мм
2) 0,5 см
3) 1 см
4) 10,1 см
4. Рычаг F1=4 H және F2 күштердің әсерінен тепе – теңдікте тұр. Егер иіндері ℓ1=15 cм, ℓ2=10 см болса, онда F2 күші неге тең болады?
1) 2,7 Н
2) 6 Н
3) 4 Н
4) 0,1 Н
5. Көлемі 1 литр сумен толтырылған пластикалық пакет судың ішіне толық батырылған. Оған қандай ығыстырушы күш әсер етеді.
1) 9 Н
2) 10 Н
3) 0 Н
4) 1 Н
Физика пәні бойынша мектеп оқушыларының олимпиада аралық тапсырмасы
Полная версия материала