Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Абай – қазақтың рухани ұстазы

Абай – қазақтың рухани ұстазы

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Дарабаева Алмагуль Сабыровна03 002

Абай –  қазақтың рухани ұстазы.

(Абай Құнанбайұлы 175 жыл)

Дарабаева Алмагүл Сабырқызы. 

Павлодар қаласы.

№ 9 жалпы орта білім беру гимназия-мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

20 ғасырдың белді ғалымдарының бірі, қазақтың «бес арысы» атанған ұлылардың  бірі Ахмет Байтұрсынов атамыз «Қазақтың бас ақыны- Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек» деп, ұлы ақынға жоғары баға берген еді. Әрине, ол орынды да, себебі қазіргі ақындарға ақындықтың сара жолын көрсетіп, «өлеңнің сөз патшасы екенін, нағыз ақын сөзді қиыннан қиыстырып, тілге де жеңіл, жүрекке де жылы болуын, ақын мен ақындықтың қандай болу керектігін үйреткен де, көрсеткен де Абай еді.

Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» атты кітабында, «Адам болам десеңіз» деген тезисінде Абай өз заманының теңдесі жоқ ойшылы болғандықтан, оның адам болу туралы ойларының рухани өзекті желісін жетерліктей танып білу қастерлі міндеттеріміздің бірі болып саналмақ десек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ( 2020жыл 9 қаңтар) ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдығына арналған іс- шаралардың халқымызға ой салатын, ұрпағымыздың санасының көкжиегін кеңейтіп, тəрбие-тағылым алатындай маңызды да мағыналы істер атқаруымыз керек деп айтуы Абай іліміне ғылыми тұрғыдан, адами тұрғыдан да мемлекеттік деңгейде өте жоғары мән берілетіндігін көрсетіп отыр.

Абай өмір сүрген заман мен қазіргі уақыттағы адамдардың сана-сезімі, ой-өрісі, өркениеттік даму деңгейі түрлі болғанмен, ұлы ойшыл насихаттаған, өз туындылары арқылы болашақ ұрпаққа жеткізбек болған ойлары, бүгінгі күні де өз құнын еш жоғалтқан емес. Керісінше, қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Атақты ақын – сөзі алтын хәкім Абайға» атты өлеңінде:

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайран сөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, – деп айтқандай, дана Абайдың өмірі, мұрасы, уақыт өткен сайын қазақ қоғамында ғана емес, күллі әлемде өз орнын тауып, мойындалып келе жатқандығы белгілі. Өзінің философиялық ой-өрімдерге  толы өлеңдерінде Абай Құнанбайұлы  адамның жеке бас мәселелерінен бастап, күрделі әлеуметтік сұрақтарды, адам мен адам, түрлі жас өкілдерінің, қоғамның түрлі санаттарының бір-бірімен қарым-қатынасын  сөз етеді. Ал, оның қара сөздері адам өміріне, ой-санасына, дүниеге, жаратылысқа,  терең бойлай отырып жазылған адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын, мән-мағынасы ерек туынды. Бүгінгі заманда, оқырманның да, ұрпақтың да құндылықтары, өмірге деген көзқарасы өзгерген уақытта  Абайды оқымау, одан үйренбеу мүмкін емес. Заманы басқа болса да ақын көтерген мәселелер әлі де шешімін таппағандай. «Абайды оқы, Абайдан үйрен» деп мың мәрте айтқың келеді. «Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та, ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деуі де бекер емес. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім – білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық, мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтын-шы сөзінде» Абай: «Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әң-гімесінің екінші жерінде: «Ырыс – алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап, жау-дан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады.....

«Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық», -дейді. Біздер , жастар қауымын елдің қамын ойлаған ойшыл атамыздың мұрасын терең зерделеуге, оның шығармала-рының мәніне барынша үңілуге, оқып, жаттап қана қоймай , бойымызға сіңіруге шақырамыз. Осы ретте, барша Қазақстандықтарды, оның ішінде жастарды биылғы жылы Абай атамыздың 175-жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге барынша үлес қосайық дегім келеді.

Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін əрбір қазақ баласы, халқымыз оқып, санамен, жүрекпен қабылдап, өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керектігін сезінуі тиіс. Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екенінде. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының Абайдың кітабы, шығармалары мен Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы» романы тұруы əрбір отбасында болуы керек деген ұсынысын толығымен құптаймын. Абай мұрасын мен тұлғасын елімізде ғана емес, шетелдерде де насихаттау ол біздің рухани байлығымызды, парасаттылығымызды мәдениетімізді халықаралық деңгейге көтеріп, Абайдың ұлылығын асқақтату боп саналады. Ең басты мақсат- Қазақстанның әр аймағында өткізілетін іс-шаралардың біздің ұрпақтарымызға тəрбиелік жағынан маңызды болатындығында.

 «Абайдың арманы- халықтың арманы» дей отырып, халықтың арманы мен аманатын орындау жолында ештеңеден аянбаған дұрыс деп бірлігімізді жоғалтпауға,мәдениетіміз бен тілімізді, халқымызды сүюге шақырғым келеді. Абай шығармашылығының құндылығы соншама, оны зерттеп, кеңінен насихаттау арқылы үлгілі, бәсекеге қабілетті қоғамның барлық сұранысына жауап беретін тұтастай бір мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға болады.  Абай – қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Себебі дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны қалыптастырған адам – Абай. Қазақ даласында небір үлкен, әйгілі тұлғалар өмір сүрген, бірақ дәл Абайдай өз заманына дейінгі дала данышпандарының даналық мәйегін меңгерген, бүкіл көшпелілер дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көреген ойының мүмкіндіктерін танытқан, сол арқылы бүкіл адамзат санасының дамуына айрықша үлес қосқан дара тұлға болған емес.Осы ретте Тұңғыш ПрезидентімізН.Ә.Назарбаевтың «Абай әлемі біздіжеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап  тірлігіміздіңдұрыс-бұрысын сараптай аламыз » деуі , Абайдың ұлылығының, кемеңгерлігінің куәсі.

Абай халықты бақытты бола­шаққа бастар жолды іздеді. Жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол өзінің бір сөзінде: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек», – деп атап өтті.

Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылым мен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруына, өз кемшілігін біліп, оны түзетуіне, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.

Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналды. Абай – жалпы халықтың үлгі тұтар қайраткер тұлғасы, данышпандық пен парасаттылықтың қайнар көзі.

2020 жылы аталып өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы – күллі адамзат баласына ортақ мейрам.

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өз дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін біздің өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай.

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты