Жерінде – бабасының,
Елінде – атасының,
Көңілінде – әжесінің,
Қолында – анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласымын, - деп ақын Е.Өтетілеуұлы жырға қосқан қазақтың баласы
– Ұлы Дала елінің ұрпағы, бала әке-шешесінің перзенті. Бала – адамның бауыр
еті, өмірінің жалғасы. Ата – бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып,
«баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он
төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше
бағалаған. Бала жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек,
жасөспірім болып жіктеледі. Ұл, қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап
кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды. Ата – бабаларымыз жазу-
сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам
құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы»
(1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы»
(1680-1718) сияқты көрнекті заңдардың өзі қағазға түспеген. Бұл – заңдық
құжаттар.
Бақытты балалық шақ
Полная версия материала