Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Абай-композитор

Абай-композитор

ya_socials
Опубликовано:
Автор: banu_28_0701 299

Мақсаты:

- Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы жан – жақты білім беру.

- Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.

- Абай әндерін, өлеңдерін талдау арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға беруге талаптандыру. Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы, әндері, Абай әлемі видеоролик.

Мұғалім: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, бүгінгі «Абай-композитор»  атты тәрбие сағатымыз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.  

Мұғалім: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?

                       Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Инабат:        Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын атандырып келешекке ,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей  құйған  барын көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Видеоролик: Абай әлемі 

Сұрақтар:

1. Абай алғашқы өлеңдері қай ақынның атынан жарияланып отырды? (Көкбай).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903 жылы Петербургтажазған).

3.Абайдың аяқталмаған поэмасы. («Әзім әңгімесі».)

4.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).

5.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).

6. «Абай жолы» романын кім жазды? ( Мұхтар Әуезов).

7. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды? (Алматы қаласында мүсінші-

Х. Наурызбай.)

8.Абайдың күйлерін ата? «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі»). 

         Мұғалім:  Ән мен күйдің адамның ішкі жан дүниесіне, сана-сезіміне әсері, олардың терең мәні жөнінде Абай жырларында жиі кездеседі. Абайдың әндерін де, күйлерін де білмейтін қазақкем де кем шығар. Олай болса Абай атамыздың күйлерінің шығу тарихына тоқталып өтсек:

Асел:

Абай күйлерінің жағдайы мүлдем баcқаша. Қазіргі ұрпаққа Абайдың санаулы ғана күйі жетіп отыр. Оның «Торыжорға» және «Май түні» атты күйлерін 1984 жылы теледидардан Ғайса Сармурзин орындаған. Бұл хабарды ұйымдастырып және оларды алғаш рет нотаға түсірген күйші, зерттеуші Уәли Бекенов болды. 

Ильяс:

Оның алдында 1977 жылы экспедициялық іссапармен Шығыс Қазақстанға барған ғалым Қайролла Жүзбасов Қатонқарағайда тұратын Хамза Демшіновтен «Абай желдірмесін» жазып алған екен.

Ақмарал:

Абайдың соңғы табылған күйі «Майда қоңыр». Бұл туынды шұбартаулық домбырашы Жүнісбай Стамбаев деген ақсақалдың орындауында Құрманғазы атындағы консерваторияның фольклорлық зертханасында сақталған. Абайдың «Майда қоңыр» күйін тауып, қайта жаңғыртып, насихаттап жүрген дарынды күйші Мұрат Әбуғазының еңбегі орасан десек артық айтқан болмаспыз, оның орындауында Абай күйлері «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына еніп, насихаттауға мүмкіндік алып отыр. Бұл күйлердің ішінде «Торыжорға» туралы кезінде жазушы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында суреттеген болатын.

Адия:

Бір сөзбен айтқанда, күйлердің негізі шынайы болмысы бір адамның қолтаңбасын айшықтайтынын дәлелдеді. Оның үстіне Абай қазақтың дәстүрлі өнерін бойына жастайынан сіңіріп өскендіктен күйдің музыкалық заңдылықтарын да меңгергені байқалады. Туындылардан жеке қолтаңбалық ерекшеліктерімен қатар, Арқа мен Шығыс Қазақстан күйшілік дәстүрінің құрылымдық, мазмұндық және көркемдік болмысы белгіленеді. 

Бірханым:

         Абайдың «Май түні» күйіне тоқталып көрейік. Жоғарыда айтып өткендей, бұл күйді 1923 жылы Ғайса Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі Исрайылдан, ал Исрайыл Абайдың өзінен үйренген. Исрайылдың айтуынша, Абай бұл күйін жайлаудағы түнгі сауық-сайранда отырып шығарыпты. Күйдің сипаттамасына келетін болса, күй табиғат сұлулығын бейнелеген, 2 бөлімнен тұратын лирикалық туынды. Музыкалық әуені Абай әндерімен сарындас, жазғы жайлаудың түнгі көрінісін, жастардың көңілді сауық-сайранын елестетеді. Ал, олай болса, Мұрат Әбуғазының орындауындағы «Май түні» күйін тыңдайық.

«Май түні» күйі.

Мұғалім: Ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың терең ойлары мен асыл сөздері халқымыздың баға жетпес мұрасы. Абайдың шығармашылық жолы туралы ұлт зиялылары не дейді? 

Д.Дамир:

           Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқанбұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы.

Қ.Дамир:

            Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар Әуезов.

Алдияр:

           Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. Ғабит Мүсірепов.

Димаш:

          Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай  ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай  теңдессіз құбылыс. Қайсын Кулиев.

Олжас

         Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық  бауырласы екенін таныттты. Шыңғыс Айтматов.

Арнұр:

         Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев

Аяна:

         Абай өз өлеңіндегі музыка қазынасына тіпті барлық басқа өнер мұраның бәрінен де артықша биік орын берген.    М.Әуезов

Балнұр:

         Абай өзі шығарған кейбір түрі жаңа, мазмұны өзгелеу өлеңдеріне арнап ән шығарған. Біз білген мұндай әндердің қазіргі саны он алты.М.Әуезов

Гаухар:

         Абай әндері қазақтың музыка мәдениетінің өсу, дамуында үлкен күрделі орын алады. А.Жұбанов

Мұғалім:  Абай өзі қалдырған құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде табиғат және махаббат, жыл мезгілдерін жырлаған. Әлемдік сахнада орындалып ел құлағына әбден сіңіп қалған қандай әндерін білесіңдер?

  1. Тәңір қосқан жар едің сен
  2. Амал жоқ-қайттым білдірмей
  3. Сегіз аяқ
  4. Көзімнің қарасы
  5. Қор болды жаным
  6. Бойы бұлғаң
  7. Ішім өлген, сыртым сау
  8. Айттым сәлем, Қаламқас
  9. Біреуден біреу артылса
  10. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
  11. Өлсем орным қара жер сыз болмай ма
  12. Сен мені не етесің
  13. Ата-анаға көз қуаныш
  14. Сұрғылт тұман дым бүркіп
  15. Сүйсіне алмадым, сүймедім
  16. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
  17. Желсіз түнде жарық ай

Мұғалім: қазіргі таңда 20-ға жуық әндері бар. Осы ретте Абайдың әндерінің зерттелуіне тоқталып өтсек, ұлы ақынның ән мұрасы кеңес кезеңінде жинала бастады. Бұған негіз салған ХХ ғасырдың басында А.Бимбоэс пен А.В.Затаевич болды. Кейін бұл істі қолға алып, жалғастырған А.Жұбанов, Л.Хамиди, Б.Ерзакович, Е.Брусиловский және т.б. Бүгінде жинақталған Абай әндерінің музыкатану саласында тарихи-теориялық, музыкалық-эстетикалық аспектілері тұрғысынан игерілгені аңғарылады. 

Нәзік:

«Көзімнің қарасы...» –Абайдың 1891 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 22 шумақтан тұрады. Ақын шығармаларының өзекті тақырыбы - махаббат мәселесі бұл өлеңінде ерекше ыстық сезіммен, Абайға тән шеберлікпен өрнектеледі. Өлеңде ақын аз сөзге көп мағына сыйғызу ниетін көздеген. Ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен үзіккен жүрек лүпілі, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. 

Мұғалім:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,- дей келе, Рауан мен Аминаның орындауында «Көзімнің қарасы» әнін қабыл алыңыздар.

Фатима:

         Келесі Сегізаяқ әніне тоқталатын болсақ, Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 8 тармақты 25 шумақтан тұрады.

«Сегіз аяқ» ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белдей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан, зор шығарманың бірі. Бұл өлеңнің түрі де осы шаққа дейін ақын жазып келген өлеңдердің үлгісінен басқаша. «Сегіз аяқ» демегі - сегіз жолдан қайырылған шумақтар болғандықтан айтылған. Көп ойлармен заман, қоғам шындықтарын және өз басының мұңдарын жиған үлкен өлең, ең әуелі Александр Сергеевич Пушкин, М. Ю. Лермонтовтар дәстүріндегі аса шебер арнаудан басталады. Ол - тағы да мән - мақсаты өзгеше өлеңге арналған шумақтар.

«Сегіз аяқ» әнінен үзінді тыңдайық. 

«Сегіз аяқ» әні видеоролик

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,

Адам ойы түрленіп ауған шақта.

Салған ән-көлеңкесі сол көңілдің,

Тактысына билесін ол құлаққа

Әннің де естісі бар есері бар,

Құлағын тыңдаушының кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің әсері бар.

Хор: «Желсіз түнде жарық ай»

Қорытынды:  Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы тұлғаларының шығармашылығында дәстүрлі музыка жанрларының бір-бірімен байланыста дамығанын байқатады. Сөзімізді түйіндей келгенде, Абай күйлерін орындаушылық, оқытушылық және зерттеушілік бағыттарда қолға алудың кезі жетті.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге,-деп айтқандай ерінбейік, жалықпайық, балалар! 

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты