Сүт өнімдері - сүттен дайындалатын әртүрлі тағамдар. Сүттен әртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Қазіргі кезде мұнымен қатар сүт консервілерін, ашытылған сүт өнімдерін өндіру кеңінен дамып келеді. Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, сүт өнімдері – кальцийдің көзі, сондай-ақ ақуызға өте бай. Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. Сүт қышқылды тағамдардың құрамында адам ағзасына және тіршілікке қажетті ақуыздар, дәрумендер мөлшері аса көп.
Кіріспе бөлімі: Ұлттық сүт қышқылды өнім
Негізгі бөлім: 1. Айран – ұйытылған сүт
- Айранның пайдасы, жасалу технологиясы, құрамы.
- Құрт
- Құрттың пайдасы, жасалу технологиясы, құрамы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.