Лавата.
Көңілді билейміз біз тра-та-та, тра-та-та
Сүйікті биіміз бұл лавата, лавата.
Менің қолым әдемі,
Әдемі.
Ал көршінікі одан да әдемі.
( қолдарынан ұстап шеңбер бойымен жүріп айтылады.Жүргізуші әр
шумақтан соң дене мүшелерін атап отырады(басым әдемі, аяғым
әдемі т.б.)
БИ БИЛЕЙІК
Би билегім келеді
Бірақ қалай бастаймын.
Бір анда, бір мында
Өзіңді -өзің айнала.
Бас аяқты топ-топ-топ,
Шапалақта көп-көп-көп.
Бір анда, бір мында
Өзіңді -өзің айнала.
ЖАПЫРАҚТАР
Жапырақтар, жапырақтар ,желде ұшады.
Аяқтың астында ,сыбдыр қағады.
Оңға да, солға да жапырақ ұшады
Күзгі жел оларға әнін айтады.
Оңға да, солға да жапырақ ұшады,
Күзгі бақ біздерге «қош»-деп айтады.
Жапырақтар ырғалып, әсем билейді,
Күзгі жел оларға әнін айтады.
Жапырақтар қуана ,қуана ұшады,
Аяқтың астында сыбдыр қағады.
Жапырақтар ырғалып,әсем билейді,
Күзгі жел оларға әнін айтады.
ОЙЫН
Егер өмір қызық болса , былай істе
(қол шапалақтау)
Егер өмір қызық болса , былай істе
(қол шапалақтау)
Егер өмір қызық болса,
Әрқашан да бақыт болсын
Әрқашан да бақыт болсын
Былай істе.
( әр шумақтан соң қимыл өзгеріп отырады, басты
ию,жүру,секіру,ырғалу т.б.)
КИІЗ ҮЙ
Киіз,киіз,киіз үй
Дөңгелек өзі, әсем үй.
Қонақ келсе болғаны,
Бәрі дайын болады.
Асығады көмір де,
Ыстық шай да әзірде.
Тез-ақ, тез-ақ
Дайын болды бауырсақ.
ӘЖЕМНІҢ ТАУЫҒЫ
Аламыз әжемен үйге тауықты,
Аламыз әжемен үйге тауықты,
Тауық жем жеп қыт-қыттайды.
Аламыз әжемен үйге үйректі(2р.)
Үйрек былай балпаңдайды.
Аламыз әжемен үйге сиырды
Сиыр былай мө-дейді.
Аламыз әжемен үйге мысықты
Мысық былай мяу-дейді.
Аламыз әжемен үйге біз итті,
Ит былай аф-аф-дейді.
Аламыз әжемен үйге шошқаны
Шошқа былай хрю-хрю дейді.
Аламыз әжемен үйге телевизор,
Телевизор уақыт-уақыт,
Хабаршы ля-ля-ля-ля
Тауық жем жеп қытқыттайды.
( әр шумақтан соң кері қайталанып отырылады)
ЖАТТЫҒУ
Оң қолым менің алда,
Оң қолым енді артта.
Апарып оны алға
Былай-былай
Сен жаса.
Біз билейміз көңілденіп,
Айналамыз дөңгеленіп,
Қолымызды қатты-қатты соғамыз
Буги-буги ,окей!
( оң аяқ,сол қол, сол аяқ)