Жапрақшалы қалтаның бөлшектері
Жапрақша – ортасында бүгілген жері бар бөлшек, ұзындығы жағымен. Жапрақшаның ұзындығы қалта аузымен бірдей, әдетте 17 см, қол сиятындай болу керек. Жапрақшаның ені әдетте 3.5 - 4 см дайын күйінде. Пішілген бөлшек екі есе үлкен болу керек. Міндетті түрде төрт жақтарынан тігіске орын қалдырамыз
1.2-1.5 см. жапрықшаны түгел желімді қатырмамен жабыстырады.
Астар-екі бөлшектен тұрады біреуі - негізгі матадан, екіншісі - астарлы матадан. Әдетте астарлы бөлшекті негізгі матадан үлкенірек пішеді.