Әрбір ата-ана дүниеге шыр етіп келген баласын осы жарық дүниенің
есігін ашып, сол жарық дүниенің қызығы мен қуанышын көрсін, ұрпағымды
жалғасырып, артымда өз ізімді қалдырсам деп алдына мақсат қояды.
Алайда, шыр етіп дүниеге келгеннен, көзін ашпай жатып тағдырдың
тәлкегінде қалып жатқан бауырларымыз қаншама. Ал сол баланы өмір
сүруге құштар етіп тәрбие беру әрбір ата-ана мен педагог қызметкерлердің
міндеті. Ол үшін біздер біріншіден мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-
анасына күш-қуат беріп, қолдау көрсетуіміз қажет. Себебі, ата-ананың
армандап күткен балалары ойларындағыдай болмаған соң, ата-анаға қайғы
мен мазасыздық жағдайын әкеледі. Мұндай ата-аналардың бойында үрей
пайда болып, отбасында балаларын балалар үйіне өткізіп жатқандары
қаншама. Сондықтан қазіргі таңда елімізде инклюзивті білім беру енгізілуде.
Осы білім берудің барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың бойынан
табиғи талантын ашу үшін біздер ата-аналарға колдау көрсетуіміз қажет. Ол
үшін мектепке дейінгі мекемелерде, ата-ана мен мүмкіндігі шектеулі балалар
арасында өмірге деген қызығушылық, құштарлықтарын оятатын арнайы
жұмыстар жүргізіліп, мемлекет сол мекемелерге қолдау көрсетсетіп, оларға
өз-өзіне сенімділік ұялата білсе, баланың өмірге деген жаңаша көзқарасы
пайда болар еді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде баланың бойында
жасырын жатқан табиғи таланты ашылар еді. Ал ол үшін педагогтер қауымы
дер кезінде жұмыс жасап, ата-ана, мұғалім, мүмкіндігі шектеулі оқушы
арасында үштік одағын құрғанымыз жөн.
Инклюзивті оқыту үрдісінің маңыздылығы
Полная версия материала