Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да соңғы жылдары мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады. Мектеп жасына дейінгі баланың тірі және өлі табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында табиғатпен таныстыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері экологиялық тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады: табиғаттағы әртүрлі оқиғаларды бейнелейтін суреттер немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін желілі рольді ойын; табиғаттан алған әсерлері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларымен танысу; өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен еркін түрде байланыс жасау, оларды бақылау, күтіп баптау; табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты әңгімелер арқылы табиғат жайлы түсініктерін кеңейту; тәжірибелер жасау, құбылыстарды бақылау нәтижесінде өз пікірін қорытып айтуға жетелейтін қаракет түрлерін ұйымдастыру; бақылау және табиғат жайлы мазмұнды суреттерді көріп тамашалау.
Мектеп жасына дейінгі балаларға "Шығармашылық" білім беру саласы арқылы экологиялық тәрбие беру
Полная версия материала