Әлемдік экономиканың 21 ғасырда өзгеруі ғаламдық бәсекелестік экономикалық ортаға бейімделу қажеттілігін туғызып, білім сапасын жаңа денгейге көтеріп, оның мәселелерін шешуде жаңаша ойлау тетіктерін қалыптастыру керек екенін аңықтап берді. Барлық мемлекеттің стратегиялық ресурсы халқының білімдік деңгейі болғандықтан қәзіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болащақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жаңа бағыттарды қолдану, тиімді мақсаттарды қалыптастыру, білімнің түпкі нәтижесіне жетудің шешімдерін, оқытудың жаңа әдістерін, баға жүйесін түпкілікті өзгерту керек екенін белгілі болды. Осыған байланысты елімізде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты - экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Яғни білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білімнің түпкілікті нәтижесіне жету денгейлерінің бірі – функционалдық сауаттылық. Функционалдық сауаттылық – біліммен, білік пен дағдымен қоғамдық қатынаста, нақты ортада тиісінше жылдам бейімделу.
Білім сапасын арттыру
Полная версия материала