Өнерді биікке көтермей,өмір сүру жақсармайды. Халықтың музыкалық мәдениетін көтеріп, зияткерлік деңгейін дамыту үшін балабақшадағы ән-күй сабақтарын жандандыру керек. Өнерлі халықты дүние жүзі таниды.
Н.Ә.Назарбаевтың(Қазақстан халқына жолдауынан)
Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспанның шырақтарында, ал жердегі сұлулық дыбыста, сұлу ән -күй сазында-дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі ,ғұлама ғалым Әбунасыр Әл Фараби.
Музыкалық іс-әрекет-баланың музыкалық тәрбиесінің ең негізгі кезеңі болып табылады. Балалардың музыкалық қабілетін дамытуды неғұрлым ерте бастаса, оның қорытындысы жемісті болады. Бала өмірінің алғашқы жылдары-оның болашағының негізі. Сондықтан,бала өмірінің алғашқы жылдарын көбірек пайдалану қажет. Ерте балалық шақ-бұл уақытты ойынмен бос өткізетін шақ емес. Бұл шақта бала үйренген,түйгенін болашақта, ер жеткен соң пайдалана алады. Ерте жастағы бала әуенді, ырғақты, әуенге сай қозғалуды өзіне тән ерекшелікпен қабылдайды.