Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдаланып, жаңаша әдістер қолданылып «Біздің салт- дәстүріміз», «Сәнді ұлттық киімдер», «Ұлттық тағамдардың пайдасы», «Қазақ халқының ұлттық ыдыстары» атты балалардың ұлттық сана сезімін оятатын және салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын тудыратын ашық ұйымдастырылған оқу - қызметтерін көрсетуге болады. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Ұрпақты тәрбиелеу, азаматты өсіру, білім беру педагогтардың бірден - бір қызметі болғандықтан, бұл ретте, мектеп педагогтарымен қатар бөбекжай тәрбиешілеріне де артылар жүк қомақты. Соның ішінде, бөбекжайда бүлдіршіндеріне үш тілділікті игертудің жауапкершілігін түсініп, олардың дүниетанымы мен зердесін кеңейтуге көңіл бөлінеді. Қазіргі замандағы үштілділік негіздері әрине бөбекжайда қаланады, яғни балалар бөбекжай табалдырығында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін де үйреніп, бекітілген бағдарламаларға сай жас ерекшеліктеріне сәйкес танысады. Білім беру мен тәрбиелеудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі мекемеме екені сөзсіз, сондықтан да тәрбиешілер де өз үндерін қосып, белсенділік танытуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Ақбота» бөбекжайында «Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы» атты келіндер сайысы, «Рухани қазына» атты аталар сайысы, «Жанға жайлы кездесу» атты әжелер сайысы, көркем қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, спорттық «Ұлттық ойындар» тақырыбында көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды. Бөбекжайдың әр тобында «Рухани жаңғыру» бұрышы орын алып, жаңартылып, толықтырылып отырады. Расында, Рухани жаңғырудың педагогтар үшін маңызды болуының себебі бар.
Тәрбие бастауы бөбекжайдан басталады
Полная версия материала