Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-
аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана
еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Жүргізуші :- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты
тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды,
сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең
асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі
оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ
бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге
арналған «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне « Құттықтаймын Мама» атты әнін қабыл
алыңыздар.
Ана - аса қымбат жан
Полная версия материала