Мақсаты: Ата – аналардың өзара қарым – қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым – қатынаста болу. Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез – құлқы, білімі, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін тереңірек зерттеу. Ата – ана , бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Бүгінгі жиналысымыз әдеттегі жиналыстарға қарағанда ерекше. Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз мүмкін. Ендеше жиналысымызды бастайық.
Ата – аналар мен балалар 2 топқа бөлініп отырады. (өздерінің топтарын ұрандарын айтады). 1 топ. Болашақ. 2 топ. Достар