Тақырыбы: «Химия додасы» атты интелектуалды ойын
Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу; Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру, сабақта алған білімдерін, интеллектін жетілдіру.
Тәрбиелік: сайыс барысында ұжымдық коммуникативтік дағдыларыын қалыптастыру.
Дамытушылық: өз бетімен ізденіп, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, алған білімдерін пайдаланып, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тез ойлнуға, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: ұялы телефон, слайд, «Kahoot», «Padlet» программалары
Жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің «: Химия додасы» атты сайысқа қош келіпсіздер!
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
Сонымен, сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Топтармен танысу рәсімі (музыка орындалады).
І кезең «Бәйге»
II кезең «Жорға»
ІІІ кезең «Полиглот»
IV кезең «Рефлексия»