7.3.1.1. Жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу.
Барлық оқушылар:
Қоршаған орта факторлары туралы біледі,факторларды анықтай алады,жер бетінде барлық тіршілік табиғатпен тікелей байланысты екенін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Экологиялық факторлардың абиотикалық , биотикалық, антропогендік факторларын ажырата алады. Ол факторлардың құрам бөліктерін біледі.
Ағзалар экологиялық факторларға қалай бейімделгенін түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Экологиялық факторлардың табиғат зоналарының пайда болуына әсерін анықтай алады.
«Күн мен түннің теңелуі» сияқты факторлар қандай абиотикалық факторларға байланысты екенін талдай алады.