Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер -
мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін шараның мәнін жеткілікті
меңгерту.
Жүру барысы: Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар! «Тіл білгірі» атты сайысымызға қош
келдіңіздер! Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың
міндетіміз және әркімге де парыз саналады. Қазақстан жерінде тұратын әр
адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті
борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің балабақша ішіндегі
топтардың арасына «Тіл білгірі» атты сайысы ұйымдастырылып отыр.
Ана тілім - ерлігім
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне
байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып
өтейін.
Сайыскерлер екі топқа бөлінді «Білімділер», «Тапқырлар»
Сайыс 5 - кезеңнен тұрады.
1 - кезең «Ана тілі туралы тақпақ»
2 - кезең «Бәйге» (сұрақ жауап)
3- кезең «Жаңылтпаштар»
4- кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
5 - кезең «Мақал - мәтелдер»
Балаларға арналған іс-шара «Тіл білгірі»
Полная версия материала