Сабақтың жоспары:
- Сәлемдесу
Тренингке қатысып отырған барлық ойыншылар бір-бірімен амандасып, сәлем береді. Жылы лебіздерін айтады. Өзінің аты қай әріптен басталады сол әріптен өз бойындағы жақсы қылықтарын, сезімдерін жалғастыра отырып айтып шығады. Мысалы: менің атым-Айнұр, ақылдымын, ақкөңілмін, адалмын деген сияқты. - «Комплимент» ойыны
Қатысып отырған барлық ойыншылар дөңгеленіп отырып,бір-біріне жақсы комплименттер айтады. Бір-бірінің көңілін көтереді. - «Жалғасын тап» ойыны
Адамның қасиеттері туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын тауып беру керек.Жақсы адам-… ырысы.Жақсы жер-…жанның тынысы.Адам көркі-…,Ағаш көркі-...Ақылды адам… біледі,ақ сұңқар… іледі. - «Жоғалған әріп» ойыны
Ин.. бат,қаси…т,мейір…м,ізгі…ік,м…дени…т,адамгер…ілік.Ойынға қатысып отырған қатысушылар толық атауын табу керек. - «Күннің күлімдеуі» ойыны
Ойынға қатысып отырған ойыншылар күлімдеп тұрған күннің суретін салады. Күннің шашыраған сәулесіне адам бойындағы жақсы қасиеттерді теріп жазады. Мысалы: ақылды, парасатты, білімді, қамқоршы, мейірімді, ақкөңіл, жайдарлы, инабатты.